26.01.2023

2022 жыл: 19 206 билетсіз жүргендерге айыппұл салынды

Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушылар бойынша рейдтер жүргізеді. Өздеріңіз білетіндей, «билетсіз жүретіндер» жол жүру ақысын көбінесе КБД жұмыскерлері келген кезде ғана төлейді.

Мысалы, 2022 жыл қорытындылары бойынша Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері жол ақысын төлеуден жалтарудың 125 359 фактісін анықтады, оның ішінде 19 206 жолаушы ҚР ӘҚБтК 622-бабының 2-бөлігі бойынша жалпы 117 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен келіп түскен ақпарат бойынша, ҚР ӘҚБтК 622-бабының 2-бөлігі бойынша Республиканың барлық өңірлерінде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 22 652 фактіні құрады, осылайша, Астана үлесіне жалпы құқық бұзушылықтар санының 84,8%-ы келеді.

Құрметті жолаушылар, автобусқа кірген кезде жол ақысын уақытында төлеуді сұраймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU