28.03.2024

№21 және № 61 бағдарлар қозғалыс сызбасы өзгереді

Құрметті жолаушылар!

30 наурыздан № 21 және № 61 бағдарлардың қозғалыс сызбалары өзгереді.

- № 21 бағдар енді Кенесары көшесіне бұрылмай, екі бағытта да Сарыарқа даңғылы - Абай даңғылы - Жеңіс даңғылымен жүретін болады;

- № 61 бағдар енді «Жағалау – І. Жансүгірұлы көшесі» бағытында Сығанақ көшесіне бұрылмай, екі бағытта да Ш. Айтматов - Қ. Мухамедханов көшесі – І. Омаров көшесі арқылы жүреді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен толығырақ суреттен қарап танысуға болады.


Тізімге оралу

KZ  RU