Құрметті футбол жанкүйерлері!
Бүгін, 22 қыркүйекте «Қазақстан» мен «Беларусь» құрамаларының футбол матчына арнайы Shuttle-Bus бағдарлары (№№801-804) ұйымдастырылады.
Матчтың басталуы- сағ. 20:00;
Өтетін орны - «Астана Арена» стадионы;
Матчтың аяқталуы – сағ. 22:00;
Көрермендерге ыңғайлы болу үшін, бағдарлар қаланың келесі 4 нүктесінен ұйымдастырылады (көрермендерді жеткізу және қайта жеткізу):
- «Бал бала» б/б аялдамасы (№ 167 к-сі.)
- «Көктем» СҮ (Бөгенбай батыр даңғылы, 34);
- «Аружан» СОО (Жансүгіров к-сі, 8/1);
- «Строймарт» Г/М (Қошқарбаев даңғылы-Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысы).
Бағдарлардың шығу уақыты – 18:00 сағ.
Бағдарлардың жүру сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сонымен қатар, іс-шара аяқталғаннан кейін қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар: №№ 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60 және 303 қызметі ұйымдастырылады.
Жолаушыларды отырғызу және түсіру «Астана-Арена» стадионында жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, жол жүру құны 90 теңге.