Жексенбі күні, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
⠀
Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды.
⠀
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді - карта, SMS, QR-код.
⠀
24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.