28.02.2023

28 ақпаннан 3 наурызға дейін Орталық касса сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді

Құрметті келушілер!

Серверлерді көшіру жұмыстарына байланысты, Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайында орналасқан Орталық касса алдағы сенбі күні, 4 наурызда жұмыс істемейді.

Сондықтан, сіздердің ыңғайлықтарыңыз үшін, осы аптада Орталық касса жұмысы сағат 20:00 дейін ұзартылды.

Яғни, бүгіннен, 28 ақпаннан 3 наурызға дейін Орталық касса сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмысы істейді. Үзіліссіз.

Естеріңізге саламыз, Орталық касса келесідей қызмет түрлерін ұсынады:
- мектеп және жеңілдікті карталарды шығару және қайта шығару;
- көлік карталарын сатып алу, толтыру, қайтару, ауыстыру;
- көлік әмиянына қате толтырылған ақша қаражатын қайтару.

Қызметтерге төлем қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен жүргізіледі.

Тізімге оралу

KZ  RU