05.02.2020

2ГИС елордалық автобустардың жүру бағытын көрсетеді

2ГИС елордалық автобустардың жүру бағытын көрсетеді

Қазір 2ГИС мобильді қосымшасы арқылы:
• Қажетті автобустың қай жерде келе жатқанын көруге;
• Үлгермей қалған автобусқа балама бағдарды табуға;
• Баратын жерге автобус ауыстырмай, басқа бағдармен жетуге болады.

Сонымен қатар, қосымшаға тағы бір жаңа пайдалы функция қосылды - автобустарда жүруге арналған оятқыш. Ол қоғамдық көлік жолаушыларын қажетті аялдама туралы ескертеді.

Енді аялдаманы өткізіп алмас үшін, қосымшада еске салғышты орнатуға болады.

Ол үшін қажетті бағытты құрып, «Шығу уақытын еске салу» батырмасын таңдау керек.

Қажетті аялдамаға жақындаған кезде, қосымша пуш-хабарлама жібереді.

Аталған функция IOS үшін ғана қол жетімді.

Тізімге оралу

KZ  RU