05.01.2024

3 автобус паркінің жылжымалы құрамы Қытайдың HIGER маркалы 21 автобусымен толықты

Олар қазір елорда көшелерінде халықтың игілігіне пайдалануға берілді.

Автобус паркіне Қытайдың HIGER BUS COMPANY LIMITED компаниясының сыртқы сауда компаниясының бас менеджері - Gary Jiang мырза мен Орта Азия нарығындағы компанияның өкілі Георгий Кан мырзалар келген болатын. Әріптестікті нығайту мақсатында, естелікке компания кілтінің макетін сыйлыққа тартты. Ондағы мақсат арадағы келісім мен татулық, достық қарым-қатынас бекіту.

Айта кетейік, бұл компания әлемдік нарықта автобус өндіруден алғашқы үштікке енеді.

№ 3 автобус паркі қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары бұдан әрі де жалғастырады. Биыл қосымша 18 метрлік автобустар алу жоспарда бар.

Тізімге оралу

KZ  RU