03.08.2020

Қоғамдық көліктің қозғалысы жанданады

Қоғамдық көліктің қозғалысы жанданады
3 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің қозғалысы жанданады. Жолаушылар бетперде тағуға міндетті! Дүйсенбі күні, 3 тамызда қоғамдық көліктің қозғалысы жанданады. Линияға тек қалалық бағдарлар ғана шығады. Қала маңындағы және экспресс бағдарлар линияға әзірге шықпайды. Автобустар 06:00-21:00 сағат аралығында жүреді. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Бетпердесіз кірген адамдарға айыппұл салынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері рейд өткізіп, жүргізушілер мен жолаушыларды бетперде тағу режимін сақтауына күнделікті түрде тексереді. Өз кезегінде жүргізушілерге бетперде тақпаған жолаушыларды автобусқа кіргізуге тыйым салынады. Барлық автобустарда бұрынғыдай дезинфекция жүргізіледі. Қажетті санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз – бетперде тағу, антисептик пайдалану, мүмкіндігінше қолғап кию және арақашықтықты сақтау. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз жасалады. 18 жасқа толмаған балаларға жол жүру тегін.
Карантинге дейін елордадағы автобустарда жолаушылар ағыны 750 мыңды құрады, карантин кезінде орташа есеппен 316 мың болды.

Тізімге оралу

KZ  RU