22.08.2023

30 тамызда Орталық касса жұмыс істейді

Құрметті оқушылар мен ата-аналар!

Алдағы Конституция күні мерекесі, 30 тамызда CTS Орталық кассасы жұмыс істейді.

Мұндай шешім оқу жылы басталғанға дейін мектеп көлік картасын рәсімдеп үлгеру үшін қабылданды.

Еске сала кетейік, елордада қала және Астана қ. маңында тұратын оқу орындарының (мектеп, колледж, университет) 18 жасқа дейінгі оқушыларына тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Касса сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Орталық кассаның мекен-жайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Тізімге оралу

KZ  RU