Бұл күні біз тоталитарлық режим жылдарында қуғын-сүргінге, жер аударуға, тәркілеуге және жаппай ашаршылыққа ұшыраған жазықсыз жандарды құрметпен еске алып, қайғырамыз.
Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамның өмірін жалмап, тұтас халықтың және көптеген отбасының тағдырында ауыр із қалдырды. Бұл қайғылы тарихи кезең — адам бостандығы мен қадір-қасиетінің қаншалықты қымбат екенін еске салатын мәңгілік естелік.
Құрбандардың рухына тағзым.
Мұндай зұлмат тарих енді ешқашан қайталанбасын.