21.08.2020

20 бағдарға автобустар қосылады

20 бағдарға автобустар қосылады

4 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады. №№ 2, 8, 9, 13, 17, 24, 28, 32, 34, 35, 37, 41, 47, 48, 56, 60, 61, 71, 80, 81 бағдарлары көбейтіледі.

Осылай жалпы автобус саны 781 болады. Бұндай шешім жолаушылар ағынын талдау негізінде қабылданды. Оның мақсаты – карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты жолаушылар ағынын азайту.

Осыған дейін 23 бағдарға автобустар қосылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлік жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады.

Жолаушыларға автобус ішіне бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Барлық бағдарларда жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді. Балалар валидация жасау міндетті.

Тізімге оралу

KZ  RU