23.04.2024

40 жаңа автобус бағдарларға шықты

Құрметті жолаушылар!

Астананың қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсету үшін қала көшелеріне 18 метрлік жаңа 40 автобус шығарылды.

Естеріңізге саламыз, наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығады және ресімдеу, жабдықты орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қала бағдарларына қосылады деп айтқан болатынбыз.

Осы 40 автобус дайын болды және олар №№ 44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус № 44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус № 7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар № 9 және № 10 бағдарларына бөлінді.

Тізімге оралу

KZ  RU