23 қазаннан бастап №46 бағдардың «Қарасу көшесі» - «Комфорт Таун» тұрғын үй кешені» қатынасымен қозғалыс сызбасы ішінара өзгереді.
Енді бағыт бастапқы «Қарасу көшесі» аялдамасынан Ұлытау көшесі - Ақмола көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ұлытау көшесімен солға Тілендиев даңғылына - әрі қарай №46 бағдар сызбасы бойынша «Комфорт Таун» тұрғын үй кешені» аялдамасына дейін қатынайды.
Кері бағытта «Комфорт Таун» тұрғын үй кешені» соңғы аялдама пунктінен Тілендиев даңғылы - Қайнар көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Тілендиев даңғылымен оңға қарай Ұлытау көшесіне - соңғы аялдама пункті «Қарасу көшесі».
Бағдардың сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.