28 қыркүйектен бастап аталған маршруттағы автобустардың саны артады.
Жол ақысын төлеу жүйесінің деректеріне сәйкес, бағдарда жолаушылар санының деңгейі жоғары. Сол себепті қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында маршруттағы кестелер саны ұлғаяды.
Автобустардың қозғалыс кестесіне кішігірім өзгерістер енгізіледі, бұл басқа автобустардың жүктемесін төмендетуге көмектеседі.
CTS жұмыскерлері бұндай жұмыстарды басқа бағыттарға да қатысты жүргізіп жатыр.
Құрметті біздің жолаушыларымыз, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге ұмытпаңыздар! Жол ақысын төлеу арқылы сіздер жолаушылар легін нақты есептеуге көмектесесіздер, ал біз сол көрсеткіш арқылы бағыттарды ұйымдастырамыз.