12.06.2024

№55 бағдардың жолаушылар легі: 55 981 адам

55 981 жолаушы №55 айналмалы бағдармен жүрді.

1 маусымда елордада бірінші рет іске қосылған №55 айналмалы бағдар Манас, Кенесары, Керей және Жәнібек хандар көшелерімен, сондай-ақ Абылай хан, Сарыарқа, Тұран, Мәңгілік Ел, Б. Момышұлы даңғылдарымен қатынайды. «Спутник» супермаркеті, «Кенесары көшесі», «Ханшатыр» СОО, «Гүлжан» СҮ, «Қаржы орталығы», «Министрліктер Үйі», «Тұран» мейрамханасы, «Астана паркі», «Оқушылар сарайы», «Кардиохирургия орталығы», «Ана мен бала орталығы» секілді көлік хабтарын байланыстырады. Бұл №№ 5, 5А, 8, 9, 12, 13, 15, 15А, 17, 21, 22, 22А, 29, 33, 46, 47, 50, 51, 53, 54, 56, 72 бағдарларының жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі жол ақысын «Avtobys» қосымшасының Bluetooth арнасы, автобустың борттық нөмірі, QR код, көлік және банк карталары, сондай-ақ NFC, Apple Pay, Samsung Pay арқылы төлеуге болады.

Тізімге оралу

KZ  RU