11 қарашадан бастап № 69 қалалық бағдар енді жұмыс күндері қатынайды және «Айнабұлақ» саяжай алабына қызмет көрсетеді.
Бағдардың қозғалысы «Ақан сері көшесі» аялдамасынан «Айнабұлақ» саяжай алабына дейін.
Айта кету керек, саяжай алабына бағдар тек жұмыс күндері жүреді.
Демалыс күндері бағдар зиратқа дейін, саяжайға кірмей қатынайды.
Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобустары қызмет көрсетеді.
Бағдардың жүру сызбасымен суреттен қарап танысуға болады. Қозғалыс кестесін парақшамыздың актуалды сторисінен көруге болады.