Бұл күн — батырлықтың, ерліктің және Отанға адал қызмет етудің жарқын белгісі. Ел тыныштығын көкте, құрлықта және теңізде күзеткен әрбір әскери қызметші үшін бұл ерекше әрі маңызды мереке.
Сіздерге зор денсаулық, мықты рух, сарқылмас қуат пен толағай табыс тілейміз! Отбасыларыңыз аман, берекелі, шаттыққа толы болсын!
Тәуелсіз Қазақстанның аспаны әрдайым ашық, бейбіт болғай!