04.03.2020

Балалардың атаулы көлік картасын онлайн тапсырыс арқылы алуға болады

Балалардың атаулы көлік картасын онлайн тапсырыс арқылы алуға болады

7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасын www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беруге болады.
Қажетті құжаттар:
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін
• Туу туралы куәлігі;
• Оқу орнынан анықтама;
• 3х4 сурет (ақ фонда); 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін
• Жеке куәлігі;
• Оқу орнынан анықтама;
• 3х4 сурет (ақ фонда); Оқу орнынан анықтама атаулы көлік картасын тек бірінші рет шығарғанда керек.

Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасай аласыз. Құны – 400 ₸. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаңызға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді.
Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассадан ала алады.
Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.

Тізімге оралу

KZ  RU