02.02.2024

8 бағдарда автобус саны 21 бірлікке артады

5 ақпаннан бастап, тұрғындарға қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, келесі қалалық бағдарларға автобустар қосылады:

- № 3 бағдарда 3 бірлікке, (15 автобус)
- № 13 бағдарда 4 бірлікке (14 автобус)
- № 20 бағдарда 2 бірлікке (15 автобус)
- № 21 бағдарда 2 бірлікке (16 автобус)
- № 30 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
- № 44 бағдарда 4 бірлікке (16 автобус)
- № 72 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
- № 73 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық көлікте жолақысын төлеп жүрулеріңізді сұраймыз. Осылайша сіздер бізге жолаушылар легін көруге және бағдарларды ұйымдастыруға көмектесесіздер.

Тізімге оралу

KZ  RU