Құрметті №84 бағыттың жолаушылары!
8 қарашадан бастап халыққа қызмет көрсетуді жақсарту және Т. Рысқұлов көшесінің жаңа бөлігін қамтамасыз ету мақсатында №84 бағыттың қозғалыс сызбасы өзгертіледі.
Бағыт енді «Білім-инновация лицейі» және «Ә. Кекілбаев атындағы Binom» мектептерін қамтиды.
Автобустардың жүрген жерін «Avtobys» қосымшасы арқылы қадағалай аласыздар.