09.12.2022

900 дайын мектеп карталары өз пайдаланушыларын күтуде

Құрметті ата-аналар!
transcard.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, дайын болған мектеп көлік карталарын алуларыңызды сұраймыз.

Бүгінгі күні орталық кассада ата-аналар талап етпеген 900 дайын мектеп көлік карталары бар. Оларды Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша ала аласыз.

Айта кету керек, көлік картасының дайындығы туралы хабарлама тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Сондай-ақ, Тастаматқа жеткізіп берген карточкалар уақытылы алынбаған жағдайда орталық кассаға қайтарылады.

Естеріңізге сала кетейік, елордада мектеп көлік картасының болуы және оны автобуста міндетті түрде валидация жасау шартымен 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Картаны Р.Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайындағы орталық кассада немесе онлайн, transcard.kz сайтында алуға болады.

Тізімге оралу

KZ  RU