06.03.2020

Жеңілдігі бар санаттағы азаматтар үшін жол жүру тегін

Жеңілдігі бар санаттағы азаматтар үшін жол жүру тегін

Қала маңы бағдарларында елордада тұратын жеңілдігі бар санаттағы азаматтар үшін жол жүру тегін болады.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен 2020 жылдың 28 наурызынан бастап жеңілдігі бар көлік карталарын пайдаланатын қала тұрғындары қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін жүре алады.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бекітілген.

Алайда, валидацияны міндетті түрде жасауы керек.

Солай біз сапарлар туралы мағлұмат аламыз. Бұл дұрыс бағдарлық желіні құру үшін өте қажетті шара.

Тізімге оралу

KZ  RU