Ертеңнен, 9 қарашадан (сәрсенбі) бастап, көліктік қызметті жақсарту мақсатында №№ 300, 305, 312 бағдарларының Ақмол ауылындағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.
Бағдарлар «Азия парк» СОО» бастапқы пунктінен Ақмол ауылына дейін өзгеріссіз, бұдан әрі Р-2 (Астана – Қорғалжын) тас жолы бойымен – Жеті жарғы көшесіне солға бұрылу – Жеті жарғы көшесімен тура - Наурыз көшесіне солға бұрылу – Наурыз көшесімен тура – Бақыт көшесіне оңға бұрылу - Бақыт көшесі бойымен тура, одан әрі «Ақмол ауылы» соңғы пунктіне дейін өзгеріссіз.
Кері бағытта өзгеріссіз.
Бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.