Қосшы қаласы мен Талапкер ауылының тұрғындарына жағымды жаңалық!
18 қарашадан бастап қала маңындағы 2 бағдарға қосымша автобустар қосылады.
Бағдарларда 2 автобус қосылып, мынадай өзгерістер еңгізіледі:
- №306 бағдар — жұмыс күндері 9 автобус (бұрын 8)
- №323 бағдар — 13 автобус (бұрын 12)
Осыған орай бағдарлардың жүру кестесі де өзгереді, жаңартылған кесте 17 қарашада @cts_kz инстаграм парақшасының stories бөлімінде және Taplink-те жарияланады.
Қала маңы аудандарының көлік қызметін жақсарту жұмыстары жалғасуда. Жол ақысын уақытылы төлеуді сұраймыз, себебі әрбір төленген жол жүру ақысы және валидация мамандарымызға жолаушылар санын нақты анықтауға көмектеседі. Бұл маршруттық желіні дұрыс құруға және жолаушылар көп жүретін бағыттарға қосымша автобустар қосуға көмектеседі.