16.11.2022

Ғани Тажиев автобус парктерін аралап шықты

City Transportation Systems Басқарма төрағасы Ғани Тәжиев әлеуметтік желілерде жолаушылар тарапынан көптеген шағымдардың түсуінен кейін автобустардың дайындық сапасын тексеру мақсатында астананың автобус парктерін тағы аралап шықты.

Автопарк басшыларымен көлік кешенінің негізгі проблемалары, соның ішінде көше-жол желісінің кептелісі, автобустардың тапшылығы, кадрлардың келіп-кетуінің жоғары пайызы мен жетіспеушілігі, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру қажеттілігі мәселелері талқыланды.

Басқарма төрағасы жолаушылардың әсіресе қыс мезгілінде көшеде тоңбай, өз автобустарын уақытында күтіп алуы тиіс екенін, ол үшін аралықты қатаң сақтау және автобустардың бағдарларға 100 пайыз шығарылуын қамтамасыз етіп, автобустардың техникалық жағдайын күнделікті тексеру керектігін автопарк басшылары түсінуі қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ғани Тәжиев жүргізушілердің жұмысына, олардың жолаушылармен дөрекі қарым-қатынасына, жүру бағыты бойынша аялдамадан өтіп кетуіне, сондай-ақ қауіпті көлік жүргізуіне қатысты шағымдардың жиілеп кету мәселесін қозғады. Басқарма төрағасы автопарктердің басшылығына мұндай жағдайларға жол бермеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.


Тізімге оралу

KZ  RU