10.03.2024

Қасиетті "Рамазан" айындағы арнайы бағдарлар

11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.
"Республикалық Бас мешіт" мешітінің бағыттары:
- "Целинный" Ш/А;
- Есу арнасы;
- Республика даңғ.

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бағыттары:
- "Спутник" супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- "Көктал-1,2" ТҮА.

"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің бағыттары:
- "Көктал-1,2" ТҮА;
- Теміржол вокзалы;
- Мед. колледж.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бағыттары:
- "Көктал-1,2" ТҮА;
- "Кирпичный" ТҮА.

"Рахымқызы Райса ана" мешітінің бағыттары:
- "Рахмет" СО.

Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.
Жол жүру құны 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді.

Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.

Барлық жамағатты қасиетті "Рамазан" айымен құттықтаймыз!


Тізімге оралу

KZ  RU