Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Осы жексенбіде, 13 қазанда елордада “Astana City Marathon” жарысы өтеді. Іс-шара өту кезінде, кейбір көшелер жабылады.
Осыған байланысты, №№ 3, 10, 12, 18, 19, 21, 26, 27, 28, 29, 29 А, 30, 32, 35, 40, 46, 47, 50, 51, 52, 54, 55, 56, 60, 61, 66, 70, 314 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Бағдарлардың қозғалысы жолдардың жабылуына қарай өзгереді және жарыс аяқталғаннан кейін жолдардың ашылуына қарай қалпына келтіріледі.
Өз сапарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз!