Елордадағы қоғамдық көлік өмірінде қандай өзгерістер болатынын білгіңіз келеді ме?
Келесі бейсенбіде, яғни 27 ақпанда «Елорда көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең» көрме-конференциясына шақырамыз.
Онда қоғамдық көлікті пайдаланушылар, оның ішінде мектеп оқушылары мен жеңілдігі бар азаматтар үшін жаңа тарифтік жоспарлар жөнінде ақпарат беріледі.
Көрме-конференцияда 2020 жылға арналған басқа да жоспалар туралы айтамыз.
Сонымен қатар, серіктестеріміз ұсынған сыйлықтардың ұтыстары өткізіледі!
Өткізілетін орны мен уақыты: 2020 жылғы 27 ақпан, сағат 9:00.
Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 1
«М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы».