17.10.2024

Астана қ. қоғамдық көлігінде жолақыны қалай төлеуге болады?

Құрметті жолаушылар!

Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол ақысын қалай төлеуге болатыны туралы естеріңізге саламыз.

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны:
- Көлік картасымен;
- QR-кодты сканерлеу;
- банк картасымен;
- NFC технологиясы: Apple Pay, Samsung Play, Google Play;
- Аvtobus мобильді қосымшасымен Bluetooth, автобус коды, бақылау функциясы бойынша
төлеуге болады.

Жолақы құны – 110 теңге.

Жолақысын QR-кодты сканерлеу арқылы төлеу келесі мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді:
- «Altel»;
- «Beeline»;
- «Activ»;
- «Kaspi.kz»;
- «Tele2 Қазақстан»;
- «Avtobys»;
- «Halyk»;
- «Kcell».

Жолақы төлемі автобусқа кіргенде жүргізіледі.

Тізімге оралу

KZ  RU