Құрметті жолаушылар!
Естеріңізге саламыз, Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне сәйкес Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ол үшін жеңілдігі бар көлік картасы болуы керек және автобуста валидация жасау қажет.
Сондай-ақ, қалауы бойынша смартфонға виртуалды жеңілдік тарифын рәсімдеп, автобуста валидацияны QR-кодты сканерлеу, Bluetooth немесе көлік кодын енгізу арқылы жасауға болады.