Айта кету керек, қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық акт порталында жарияланып, талқылауға шығарылған болатын.
Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін. Міндетті шарт-мектептің көлік картасының болуы және оны автобустың ішінде қолдану.
Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын азаматтар бұл жеңілдікке ие:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3) көп балалы аналарға;
4) көп балалы отбасыларға;
5) мүгедектігі бар адамдарға;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне;
7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандары.