20.03.2024

Астананың қоғамдық көлігі 40 жаңа автобуспен толығады

Құрметті қала тұрғындары мен біздің жолаушыларымыз!

Наурыз – жақсылықтың, береке мен молшылықтың мейрамы. Осы жарқын мерекеге тұспа-тұс келген жақсы жаңалығымызбен бөлісуге асықпыз!

Алдағы күндері елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толықтырылады. Автобустардың бірінші легі қаламызға 21 наурызда жеткізіледі.

Сәуір айында ресімдеу, қабылдау, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін, автобустар қала бағдарларына қосылады.

Қоғамдық көлік жұмысын жақсарту бойынша жұмыстар бұдан әрі де жалғасады. Биылғы жылға жағымды ақпараттарымыз көп.

Біздің жаңалықтарды оқи жүріңіздер!

Тізімге оралу

KZ  RU