01.02.2021

Атаулы мектеп көлік картасын алу үшін оқу орнынан анықтама міндетті түрде қажет

Атаулы мектеп көлік картасын алу үшін оқу орнынан анықтама міндетті түрде қажет

Еске сала кетейік, елордада 18 жасқа дейінгі балалар үшін қалада және қала маңында қатынайтын бағдарларда жол жүру тегін. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Мектеп көлік картасын алу үшін кәмелетке толмаған балалардың ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан Орталық кассаға растаушы құжаттармен жүгінуі керек.

Сондай-ақ transcard.kz сайтында растаушы құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бекітіп, онлайн өтінім бере алады.

Бұл үшін қажетті құжаттар:
▪️ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының түпнұсқасы;
▪️ЖСН бар туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
▪️Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу орнынан анықтаманың түпнұсқасы (міндетті түрде қажет);
▪️3х4 түсті фотосурет - 1 дана (қайтарылатын);
▪️Белгіленген үлгідегі өтініш.

Мектеп көлік картасын шығарудың бағасы - 500 теңге.

Тізімге оралу

KZ  RU