08.12.2022

«Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Астана қаласының Полиция департаменті «CTS» ЖШС Мамандардың біліктілігін арттыру орталығының базасында автобус жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Қалада ЖКО оқиғаларының жиілеуіне байланысты, қызметкерлер қоғамдық көліктегі апаттылықты азайту және автобус жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізді.

Сондай-ақ, әңгімелесу барысында қоғамдық көліктің қатысуымен орын алған ЖКО, олардың жасалу себептері және мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қандай уақтылы шаралар қабылдануы тиіс екендігі туралы айтылды.


Тізімге оралу

KZ  RU