27.01.2023

Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы

«City Transportation Systems» ЖШС Көлік бақылау департаменті 2022 жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 857 жол-көлік оқиғасын тіркеді, оның ішінде автобус жүргізушілерінің кінәсінен 269 ЖКО (ЖКО жалпы санының 31.4%) орын алған. 2021 жылмен салыстырғанда автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған ЖКО саны азаю жағына қарай оң динамиканы көрсетеді.

Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын ЖКО қысқарту және Жолаушыларды тасымалдау қағидаларының, сондай-ақ Жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту мақсатында, КБД жұмыскерлерін тарта отырып, Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жыл сайын «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары (бұдан әрі – ЖПІ) өткізіледі.

2023 жылғы 16-20 қаңтар аралығында елордада кезекті ЖПІ өткізілді, оның нәтижесі бойынша 47 автобус жүргізушісі ЖЖЕ бұзғаны үшін жалпы 769 350 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы ЖПІ барысында Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 364 автобустағы жылыту, электр жабдықтарының жай-күйін және бағдарлық автобустардың желіге шығарылуын тексерді. Желіге шығарылған автобустардың жарамсыз техникалық жай-күйі үшін алты лауазымды адам жауапқа тартылды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртібі, сақтығы және жол жүрісі ережелерін сақтауы – көшедегі қауіпсіз қозғалыстың негізі болып табылады.

Сіз жүргізуші немесе жаяу жүргінші болсаңыз да, әрқайсыңыздың жол жүрісі ережелерін сақтауыңыздың маңыздылығы туралы еске саламыз! Жолда абай болыңыз және сақ болыңыз. Өз әрекеттеріңіз бен іс-қимылдарыңыздың салдары туралы ойланыңыз.

Тізімге оралу

KZ  RU