22.01.2024

Автобуспен жүргенде жолақысын төлеуді ұмытпаңыздар!

Жолақысын төлеу - бұл міндет қана емес, сонымен қатар ыңғайлы және тиімді көлік байланысын құруға жауапты қадам.

Жолаушының жолақы төлеу және жол жүру құжатын (билетті) сапар аяқталғанға дейін сақтау, тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсету - ҚР «Автомобиль көлiгi туралы» заңымен реттелген жолаушының міндеттері.

Жолақысын бақылаушылар тексереді: олар жолаушылардан көліктік картаны, смартфон арқылы төленген төлемдерді арнайы терминалда тіркеуді сұрауға құқылы.

Бақылаушының терминалында тек төлем туралы мәліметтер, сапар төленді ме, жоқ па көрінеді. Жолаушыларға тексерушілер тексергенде көліктік картадан, мобильді қосымшадан қосымша қаражат немесе теңгерім алынады деп уайымдаудың қажеті жоқ.

Төленбеген жол жүру үшін 2 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, қазіргі уақытта ол 7 384 теңгені құрайды.

Жолаушылардан ережелерді сақтауға шақырамыз.

Тізімге оралу

KZ  RU