04.07.2023

Автобуста велосипед тасымалдауға бола ма?

Автобуста велосипед тасымалдауға бола ма? Осы сұрақтың жауабын әр велосипедші білгісі келетін болар.

Сонымен, жол ережесінің 1-бөлімінің 1.2 тармағына сәйкес, велосипед – екi немесе одан көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған арбалардан басқа) және үстінде отырған адамдардың дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн КӨЛІК құралы.

Автобуста велосипедті тек ЖҮК ретінде, БҮКТЕЛГЕН күйде тасымалдауға болады, бірақ бұл ретте дөңгелектер басқа жолаушылардың киімдерін былғамас үшін тыспен жабылуы тиіс.
Сонымен қатар, оны арнайы жинақтаушы алаңдарда тасымалдау керек. Оны автобус соңындағы орындықтардың арасына қоюға тыйым салынады.

Тізімге оралу

KZ  RU