Ең алдымен, ереже бойынша автобус толық тоқтағанға дейін немесе қозғалыс кезінде кіруге және одан шығуға болмайды. Көлік есіктерінің ашылуына және жабылуына кедергі келтірмеңіз.
Сондай-ақ, жүргізушіні алаңдатуға қатаң тыйым салынады. Жүргізуші көлік жүргізуге назар аударуы керек.
Автобус ішін бұзбаңыз. Ереже бойынша көлік салонының ішкі жабдығы мен жабдықталуының бүлінуіне жол берілмейді.
Айналаңыздағы адамдарды құрметтеңіз. Қоқыс тастауға, темекі шегуге және спирттік ішімдіктерді қолдануға тыйым салынады.
Қауіпсіздік маңызды. От қауіпті, жарылғыш, улағыш, жанғыш, жеңіл тұтанатын, улы, өткір және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс. Сондай-ақ, ҚР қолданылып жүрген заңнамасымен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды тасымалдауға тыйым салынады.
Қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін еске саламыз. Бетпердесіз кіруге болмайды.