18.01.2024

Avtobys: автобустар қозғалысын бақылау және жолақыны төлеу

Өздеріңіз білетіндей, елордада электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеудің жаңа Аvtobys жүйесіне өту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңа жүйеде Аvtobys мобильді қосымшасы жұмыс істейді.

Қосымша бірнеше артықшылықтарға ие, ол:
- автобустар қозғалысын онлайн режимде бақылау;
- жолақысын Bluetooth, QR-код сканерлеу арқылы төлеу.

Қосымшада бірден 5 бағыттың қозғалысын көруге болады.

Жолақы төлеу үшін мобильді қосымшаның теңгерімін толтыру қажет, ол үшін «Әмиян» батырмасын басып, ұсынылған әдістердің бірін таңдау керек. Теңгерімді QIWI, kassa24, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Жол жүру тарихы, толтырулар осы «Әмиян» бөлімінде көрсетіледі.

Жақын арада қосымшаға көліктік карталарды байланыстыру мүмкін болады.

Бағдарлар қозғалысын және сапарларыңызды бір жерден бақылаңыз.

Тізімге оралу

KZ  RU