23.01.2024

Аялдамадағы QR-код автобустардың келу уақытын көрсетеді

Жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды.

Енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақыттын көруге болады.

Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын Google Play, App Store немесе AppGallery жүктеп алу қажет. Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR кодты сканерлеу керек. Содан кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі.

Бүгінгі күні QR кодтары бар жапсырмалар 225 аялдамаға орналастырылды. QR коды бар сызбаларды орналастыру бойынша жұмыс жалғасады.

Тізімге оралу

KZ  RU