26.07.2024

Аялдамалардағы табло жұмысы туралы ақпарат

Бүгінгі таңда елордада жолаушыларды қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлылық үшін қажетті 184 ақпараттық табло бар.

Бөгде компаниялар жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде 10 ақпараттық табло жұмыс істемейді. Тағы 7-еуі басқа себептермен істен шыққан. Жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ «CTS» ЖШС әлеуетті инвесторлармен Астана қаласында қосымша 300 ақпараттық тақта орнату бойынша келіссөздер жүргізуде. Жақын арада пилоттық жобалар жүзеге асырылады. Олардың басталуы туралы кейінірек хабарланады.

Тізімге оралу

KZ  RU