Құрметті жолаушылар!
Астана қ. қоғамдық көлігінде «Айлық жол жүру» тарифін сатып алу ережелерін естеріңізге саламыз.
Негізгі ережелер:
1. Жарамдылық мерзімі:
Егер сіз «Айлық жол жүруді» айдың 15-іне дейін сатып алсаңыз, ол сол айда жарамды.
Егер билет 16-сы мен одан кейінгі күндері сатып алынса, ол келесі айдың 1-інен бастап жарамды болады.
Мысалы: Қаңтар айына арналған жол жүру билетін 16 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында сатып алуға болады.
2. Тариф құны (өзгеріссіз):
Қалалық бағдарлар: 7 500 теңге
Қалалық + қала маңы бағдарлары: 9 500 теңге
Қалалық + экспресс бағдарлар: 10 000 теңге
Қалалық + экспресс + қала маңы бағдарлары: 13 500 теңге
3. Маңызды артықшылықтар:
Таңдалған тариф бойынша шексіз сапар жасауға болады.
Тариф бір күнтізбелік айға жарамды: 1-нен 30/31-іне дейін.