Достар, бүгін айлық жол жүруді сатып алу ережесін естеріңізге саламыз.
Айлық жол жүруді сатып алу әр айдың 16-нан бастап, келесі айдың 15-не дейін қолжетімді. Және ол 1 күнтізбелік айға, яғни әр айдың 1-нен 30-ы, 31-не дейін жарамды болады.
Мысалы, мамыр айына арналған жол жүруді 16 сәуірден бастап сатып алуға болады және ол 1 сәуірден 31 сәуірге дейін жарамды болады.
Айлық жол жүру құны:
- қалалық бағдарлар үшін – 7500 теңге;
- қалалық + қала маңы үшін - 9500 теңге.
Айлық жол жүру тарифімен сіз шектеусіз сапар жасай аласыз.
Айлық жол жүру бір айға жарамды, 1-нен 30-ы, 31-не дейін.
Білу маңызды: Егер айлық жол жүру ағымдағы айдың 1-нен 15-ші күндері аралығында сатып алынса, онда ол ағымдағы айдың соңына дейін әрекет етеді. Ал, 16-сынан кейін алынса, келесі айдың бірінші күнінен бастап әрекет етеді.