29.03.2023

«Аймақ» жеңілдікті көлік картасы

Бүгін жеңілдігі бар «Аймақ» көлік картасы туралы айтамыз.

Жеңілдігі бар «Аймақ» көлік картасы Ақмола облысы бойынша Целиноград, Аршалы аудандарында, Қосшы қаласында тіркелген жеңілдік санатына жататын азаматтарға беріледі.

Жеңілдігі бар көлік карталарын шығару және беру аудандық әкімдіктер ұсынатын деректер базасына сәйкес жүргізіледі. Мәлімет ай сайын жаңартылады. Азамат базада болмаса, онда оған мәліметтерді нақтылау үшін аудандық/жергілікті әкімдікке жүгіну ұсынылады.

Жеңілдігі бар көлік картасын шығару үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан Орталық кассаға бару қажет. Қажетті құжаттар: ЖСН бар жеке куәліктің түпнұсқасы, зейнетақы куәлігінің түпнұсқасы, жеңілдік санатын растайтын құжат және 3х4 фото.

Картаны бастапқы шығару құны - 1000 теңге, қайта шығару -2000 теңге.  

Жеңілдігі бар көлік картасының қолдану мерзімі 5 жылды құрайды.

«Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланушылар қала маңы бағдарларында ғана тегін жүреді. Пайдаланушы қалалық бағдарларда жүру үшін жеңілдігі бар көлік картасының «көлік әмиянын» толықтыра алады.

Маңызды! Жеңілдігі бар көлік картасы басқа адамдарға пайдалануға берілмейді.

Тізімге оралу

KZ  RU