16.02.2024

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары CTS болды

ITS жұмыс принципі, «Жасыл дәліз» жобасы, көлік ағынын модельдеу, қоғамдық көлік қозғалысы қалай бақыланады, бұл туралы CTS көлікті үйлестіру департаментінің директоры Мәди Сарбасов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына айтып берді.

Кездесу «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша «Қаланы басқару» пәні аясында ұйымдастырылды. Магистранттар Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген мемлекеттік қызметшілер.

Қатысушылар «Көлік легі, трафик, қарқындылық қалай есептеледі? Автокөліктердің санын бөлек есептеуге бола ма?», «Бұған дейін Президент қоғамдық көлікті онлайн камералармен қалдыру туралы тапсырма берген болатын, Астанада алдыңғы қатарлы қала, астана ретінде бұл тәжірибені қарастырады ма?», «Негізгі магистральдық көшелердегі жүктемені азайту үшін қала маңындағы аймақтардың тұрғындарына жеке көлікпен кіруді шектеу туралы ұсыныс бар ма?» деген сұрақтар қойды.

Сондай-ақ, басқа қалалардың тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты.


Тізімге оралу

KZ  RU