06.06.2023

Бүгін CTS компаниясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары

Бүгін CTS компаниясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы мен Ниязова Нурия Исмагилқызы болды. Депутаттарды Орталық диспетчерлік қызметінің және Трафикті басқару орталығының жұмысымен таныстырды.

Кездесу барысында елорданың қоғамдық көлігі жұмысының ағымдағы мәртебесі талқыланды, атқарылған жұмыстармен таныстырылды, сондай-ақ халыққа сапалы қызмет көрсету үшін қажетті жолаушылар тасымалы саласындағы проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы айтылды.

Соңында Сенат депутаттары CTS компаниясының бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді.


Тізімге оралу

KZ  RU