18.02.2020

Елорда автобустарында рейдтік тексеру жүргізілді

Елорда автобустарында рейдтік тексеру жүргізілді

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері автобус жүргізушілерін күнделікті тексереді. Бұл жолғы рейдке «№1 автобус паркі» АҚ басшылығы да шықты.

Рейдтің мақсаты жүргізушілердің жұмысын, соның ішінде жолаушыларға билет беру, сондай-ақ автобустардың техникалық және санитарлық жағдайын қадағалау болды.
Айта кету керек, көліктік бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірге автопарк басшылығының тексеруге шығуы алғаш рет.
Мәселен, жеті автобустан қауіпсіздік белдігін тақпаған екі жүргізуші, жолаушыларға билет бермеген бір жүргізуші, ұялы телефонды қолданған бір бұзышылық анықталып, бес жолаушымен профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырылды. Енді бұндай тексеруді басқа да парк басшылығының қатысуымен өткізу жоспарда бар.


Тізімге оралу

KZ  RU