19.02.2024

Бағдарлар қозғалысын бақылауға арналған қосымшалар

Құрметті жолаушылар!

«Аvtobys» қосымшасынан бөлек, елорданың қоғамдық көлік қозғалысын «Яндекс Карты» және «2GIS» қосымшалары арқылы қадағалауға болады.

Олардың көмегімен:
- автобустардың қозғалысын көруге;
- бағдарлардың қозғалыс сызбасымен танысуға;
- сапар үшін оңтайлы жолды таңдауға болады.

Төлем және диспетчерлеу жүйесіндегі жаңартулардың арқасында:
автобустардың қозғалысын дәлірек көру мүмкін;
автобустардың қозғалыс бағытын тамшы тәріздес белгілер арқылы анықтау оңай;
аялдама белгісін басу арқылы әр бағдардағы автобустың келу уақытын көруге болады.

Тізімге оралу

KZ  RU