12.03.2020

Бала атаулы көлік картасын ұмытып кеткен жағдайда не істеу керек?

Бала атаулы көлік картасын ұмытып кеткен жағдайда не істеу керек?

28 наурыздан бастап елордада тұратын және оқитын 18 жасқа дейінгі балалар қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін жүре алады.

Егер баланың көлік картасы болмаса немесе оны үйде ұмытып кеткен жағдайда, басқа құжаттар жарамсыз.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 «Автомобиль көлiгi туралы» заңына сәйкес жолаушы электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға міндетті.
Ол кезде жол жүру ақысы қолма-қол ақшамен 15 жасқа дейін - 90 теңге, 15 жастан кейін - 180 теңге төленеді.

7 және 18 жас аралығындағы балалар атаулы көлік картасы бар болған жағдайда ғана тегін жол жүре алады.

Тізімге оралу

KZ  RU