Оқу жылының басынан, 1 қыркүйектен бастап балалар 2,5 млн-нан астам сапар жасады.
Орташа алғанда, балалар күніне 90 мыңнан астам сапар жасайды.
Еске сала кетейік, елордада қала және Астана қ. маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар ғана қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.
Мектеп Көлік картасын Қошқарбаев даңғылы, 50/1 Орталық кассасынан, сондай-ақ жақын маңдағы тастаматқа жеткізілетін transcard.kz сайт арқылы онлайн алуға болады.